«Тілдер әуежайы»

18 қыркүйек бастауыш сынып оқушылары арасында «Тілдер әуежайы» атты танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстандағы түрлі тілдер мен мәдениеттер туралы білімдерін кеңейту, тілге деген қызығушылығын арттыру және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында оқушылар тілдік тапсырмалар, сөзжұмбақтар, жасырын сөздерді табу, әріптерді дұрыс орналастыру және түрлі тілдерге қатысты қызықты тапсырмалар орындады. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Соңында рефлексия жасалып, белсенді оқушылар марапатталды.

Дата публикации: 18.09.2026