Тілдер күні

11 қыркүйек күні 5–6 сынып оқушылары арасында тілдер күніне арналған «Тілдік маршрут» іс-шарасы өтті. Іс-шара үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұйымдастырылды. Әр бекетте оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады: әртүрлі тілдердегі амандасуларды тапты, QR-код арқылы музыканы тыңдап, қай тілде орындалғанын анықтады, шашыраңқы әріптерден сөздер құрастырды және «күн», «кітап» сияқты сөздерді үш тілде аударды. Дұрыс жауаптары үшін оқушылар ұпай алып, өздерінің тілдік білім деңгейін көрсетті.

Дата публикации: 11.09.2025