Шектеудегі қате

Құрметті ата-аналар 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа өтініштер қабылдау басталады! ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-аналарының өтініші бойынша түседі. Құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады egov.kz, сондай-ақ қағаз түрінде 1 сәуірден 31 тамызға дейін. Өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында беруге болады. Қазақстан азаматтарына арналған портал арқылы мектепке түсу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші; 2) № 065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у баланың денсаулық паспорты; 3) өлшемі 3х4 см фотосурет (2 дана)

 

Дата публикации: 28.03.2025