«Адал еңбек – абыройлы адам негізі» сынып сағаты

7-сыныпта «Адал еңбек – абыройлы адам негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушылар адал еңбектің маңызы туралы әңгімелесіп, «Көрінбейтін нәтиже», «Нәтиже өз қолыңмен» жұптық жұмыстарына қатысты. Топтық «Адал таңдау» тапсырмасы арқылы жауапкершілік пен адалдық туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар түрлі мамандықтардың еңбегі талқыланып, «Мамандық = нәтиже + жауапкершілік» интерактивті тапсырмасы орындалды. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын айтып, еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық туралы қорытынды жасады.

Дата публикации: 17.09.2026