Шектеудегі қате

"Оқырман ұлт" марафоны аясында Куприяновск негізгі мектебінің кітапханашысы оқушыларға "оқырман ұлт — Оқырман ұрпақ"атты түсіндірме әңгіме өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға марафонның мақсаты мен маңыздылығы туралы айтып, оның не үшін өткізілетінін, сайтта қалай тіркелуге болатынын, қай сыныптан қатысуға болатынын, сондай-ақ оқуға қажетті әдебиеттерді қайдан табуға болатынын түсіндірді.

 

Дата публикации: 22.09.2026